Информатика пәнін оқыту әдістемесі
Курс мақсаты: болашақ информатика мұғалімдерін заманауи педагогикалық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, оқыту процесін тиімді жоспарлауға, ұйымдастыруға және талдауға үйрету.
Күтілетін оқу нәтижелері
- Информатика сабағын жобалау және өткізу дағдыларын меңгеру;
- Блум таксономиясы және SAMR моделі негізінде тапсырмалар құрастыру;
- ЖИ генераторларын (ChatGPT, GigaChat, Gemini, Copilot т.б.) сабақта қолдана білу;
- Бағалау рубрикаларын, тест және рефлексия құралдарын автоматты жасау;
- Цифрлық этика және академиялық адалдық принциптерін сақтау.
Курс құрылымы (8 апта)
- 1–апта: Пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негіздері
- 2–апта: Сабақ құрылымы және оқу мақсаттарын нақтылау
- 3–апта: АКТ мен ЖИ құралдарын біріктіріп сабақ әзірлеу
- 4–апта: Бағалау жүйесі мен кері байланыс түрлері
- 5–апта: Интерактивті тапсырмалар мен тест генерациясы
- 6–апта: Оқу материалдарын цифрлық ортада бейімдеу
- 7–апта: Сабақтың тиімділігін талдау және рефлексия
- 8–апта: Қорытынды жоба: «ЖИ негізіндегі сабақ сценарийі»
Бағалау және оқыту әдістері
Курс барысында студенттер портфолио, мини-жоба және интерактивті тапсырмалар арқылы бағаланады.
Бағалау үлесі:
Тапсырмалар – 40%, Аралық бақылау – 20%, Қорытынды жоба – 40%.
Қолданылатын цифрлық құралдар
- Google Classroom, Moodle, Wordwall, Kahoot
- ChatGPT, GigaChat, Gemini — тапсырма генерациялау
- Canva, Genially — визуалды материал әзірлеу
- Python және Scratch — оқу бағдарламалау құралдары
Оқытушы туралы
Қауымдастырылған профессор, Ибашова А.Б.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
