Құрметті білім алушылар!
Сіздерді «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллект негіздері» курсына қош келдіңіздер!
Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірінің барлық салаларына терең еніп отыр. Білім беру, ғылым, медицина, бизнес, мемлекеттік басқару және өндіріс салалары цифрлық технологиялардың көмегімен қарқынды дамуда. Цифрландыру қоғамның даму бағытын айқындайтын маңызды факторлардың біріне айналды.
Бұл курс ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ұғымдарын, компьютерлік жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын, интернет және бұлттық технологияларды, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ қазіргі заманның ең өзекті бағыттарының бірі – жасанды интеллект технологияларын меңгеруге бағытталған.
Курс барысында сіздер:
Бұл пән тек теориялық білім беріп қана қоймай, практикалық дағдыларды қалыптастыруға да бағытталған. Сондықтан әр сабақта нақты мысалдар, тәжірибелік тапсырмалар және өзіндік жұмыстар ұсынылады.
Цифрлық технологиялар дәуірінде үздіксіз білім алу мен жаңа құралдарды меңгеру әр маман үшін маңызды талапқа айналып отыр. Осы курс сіздердің кәсіби және жеке дамуларыңызға пайдалы болады деп сенемін.
Сіздерге сәттілік пен қызықты оқу тілеймін!
Ибашова Альмира Байдабековна
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
Курс: Информационно-коммуникационные технологии (ICT)
Войдите, чтобы отмечать уроки.